Ауғанстан астанасындағы Ресей елшілігінің маңында болған шабуылды «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы өз мойнына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таңертең дипломатиялық өкілдіктің консулдық бөлімі ғимаратының жанында содыр жарылғыш затты іске қосқан. Елшіліктің екі қызметкері мен бірнеше Ауғанстан азаматы қаза тапты. Кабул полициясының баспасөз орталығының басшысы Халид Задран төрт Талибан содырының қаза тапқанын айтты.
Al Arabiya телеарнасы зардап шеккен он адам туралы хабарлады.