$ 443.35  475.54  4.82

Патшайым Елизавета II қайтыс болды

Ол 71 жыл таққа отырды.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 96 жасында Балморал сарайында қайтыс болды.

Бұл туралы Патшалықтың ресми баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 97 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Ол 71 жыл бойы тақта отырып, Ұлыбритания тарихындағы ең ұзақ  мерзімдегі патшайым болды.

Тақ мұрагері — 73 жастағы Чарльз ханзада, марқұм патшайымның үлкен ұлы.

Ұлыбритания патшайымының денсаулығы қыркүйектің 7-сі нашарлап кетті. Букингем сарайы Елизавета II шотландық Балморал сарайында дәрігерлердің қарауында екенін айтқан еді.

Елизавета II таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, 25 жасында отырған.

Биыл маусым айында ол өз билігінің 70 жылдығын атап өтті.

Букинген сарайында күзетшілерді ауыстыру рәсімі тоқтатылды, ал BBC тілшісі эфирге қара костюммен шығып, арна мен сайт тақырыбының түсін қараға өзгертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары