06.10.2022, 15:40

Таиландта балалар орталығында атыс болып, 30-дан аса адам қаза тапты

Қайтыс болғандардың ішінде балалар мен олардың ата-аналары бар.

 Таиландтағы балалар орталығында болған атыс салдарынан 30-дан астам адам қайтыс болды. Қаза тапқандар арасында балалар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Ол пикап мініп жүрген. Khaosod басылымының жазуынша, атыс солтүстік-шығыстағы Нонгбуалампху провинциясындағы балаларды дамыту орталығында болған. Қаза тапқандар арасында балалар мен олардың ата-аналары бар. Қылмысты жақында жұмыстан босатылған бұрынғы полицей жасаған.

Қазір жантүршігерлік жайттың мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: атыс Тайланд