$ 449.58  486.94  4.86

Жер бетінде 95 миллион адам кедейшілікте өмір сүреді – БҰҰ

Пандемиядан келген жаһандық шығын 36 триллион долларды құраған.

БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуаға әлемде 95 миллион адам өте кедейлікте өмір сүретінін айтты. Оның үстіне 2022 жылдың соңғы айларында жаһандық экономика айтарлықтай әлсіреген, деп хабарлайды Stan.kz.

"Жылдық жаһандық өндіріс 2,5%-дан 2,8%-ға дейін өседі деп күтілуде. Бұл бұрынғы болжамдардан айтарлықтай төмен", – деді БҰҰ.

Бас хатшының орынбасары инфляцияның өсуі мен экономикалық дағдарыс жағдайында кейбір елдер әлі де пандемиямен күресіп жатқандықтан үлкен қаржылық алшақтықтың барына назар аударды. Осы ретте энергия бағасының тез өсуін де алға тартты.

Цзюньхуаның сөзінше, дамушы елдер "тас пен қатты жердің арасында қалған". Олар ішкі инвестицияны көбірек қажет етеді. Сонымен қатар көптеген адамдар әлі күнге дейін интернетке қол жеткізе алмаған.

"Біз бағытты өзгертуіміз керек. 2030 жылға қарай нәтижеге жету үшін қазірден бастауымыз керек. Бүгінгі таңда вакцинацияның жаһандық жоспары әлі де қажет", –  деді БҰҰ басшысының орынбасары.

Америкалық экономист Майкл Кремердің айтуынша, пандемиядан келген жаһандық шығын 36 триллион долларды құраған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары