$ 494.87  520.65  4.91

Путин: Қырым көпірін Украинаның арнайы қызметі жарды

Айта кетейік, 8 қазанда «Қырым көпірінде» жарылыс болды.

РФ президенті Владимир Путин Ресей мен Қырым аумағын жалғап тұрған көпірдегі жарылысты «теракт» деп бағалап, оған Украинаның арнайы қызметін кінәлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ол Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинді қабылдаған сәтте айтты.

Айта кетейік, 8 қазанда «Қырым көпірінде» жарылыс болды. Бұл көпір Путин үшін маңызды және оның ашылу салтанатына РФ президенті өзі қатысқан болатын. Ал, оның жарылысынан бір күн өткен соң Путин оқиғаға қатысты пікір білдіріп, Украинаны айыптады.

«Сөзсіз, бұл Ресей Федерациясының азаматтық инфрақұрылымын бұзуға бағытталған теракт. Оны орындаған да, тапсырыс берген де – Украинаның арнайы қызметі», - дейді Путин.

Ал, америкалық белгілі жазушы Стивен Кинг болса Ресей билігінің ресми пікірін келеке етіп твит жазды.

«9 айдан бері бейбіт тұрғындарды өлтіріп, азаптап, қалаларды жермен-жексен еткен Ресей Қырым көпіріндегі жарылысты “терроризм” деп айыптады. Бұдан өткен ақымақтықты ойлап табу да мүмкін емес», - деп жазды жазушы өзінің Twitter-парақшасында.

Еске салайық, Ресей әскері «арнайы әскери операция» деген желеумен Украина территориясына биыл 24 ақпанда басып кірді. Содан бері екі ел арасында соғыс жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары