$ 442.05  474.14  4.74

Киевтің орталығына зымыран түсті

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фото және видеоматериалдарды әлеуметтік желі арқылы таратуда.

Киевте бүгін таңертең бірнеше жарылыс болды. Жергілікті БАҚ өкілдері және Telegram-каналдар зымырандардың әліге дейін қаланың және Украинаның өзге де аймақтарына түсіп жатқанын жазуда, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Ресми расталмаған ақпарат бойынша Киевте 4 жарылыс болған. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фото және видеоматериалдарды әлеуметтік желі арқылы таратуда.

Киев мэрі Виталий Кличко Шевченков ауданындағы жарылыстарды растады.

«Шевченко ауданындағы бірнеше жарылыс – ел астанасының орталығында болды. Барлық қызмет түрі жұмылдырылды. Толығырақ кейінірек», - деді ол өзінің Telegram-каналында.

Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров те Twitter-де Киев қаласының орталығына зымыран түскенін растады.

Украинаның ІІМ ел тұрғындарына жабық жерден шықпауды ескертті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары