Әлем 13.10.2022 сағат 16:40

Зеленский Беларусьпен визасыз режимді алып тастауды ұсынды

Аталған петиция Украина басшысының сайтында 7 шілдеден бері пайда болды.
Зеленский Беларусьпен визасыз режимді алып тастауды ұсынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Украина президенті Владимир Зеленский Беларусьпен визасыз режимді алып тастауды сұраған петицияға жауап беріп, Үкіметке тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Беларусьпен визасыз режимді жою туралы электронды петицияны 25 339 азамат қолдаған. Бұл президенттің қарауына жеткілікті 25 мың қолдан көп көрсеткіш.

Аталған петиция Украина басшысының сайтында 7 шілдеден бері пайда болды.  

Зеленский өз жауабында Министрлер кабинетінің биылғы 26 ақпандағы бұйрығына сәйкес, Украинаның Беларусьпен шекарасы Беларусь Республикасының азаматтары мен басқа да шетелдіктердің кіруі үшін жабық екенін еске салды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Украина аумағына кіру үшін тек Волыньдегі бір ғана өткізу пункті ашық тұр.

«Қазіргі кезде Украина Министрлер кабинетіне өз құзыретіне сәйкес электронды өтініште ұсынылған мәселелерді қарау, сондай-ақ жағдайдың дамуын, мемлекетіміздің және оның азаматтарының ұлттық мүдделерін қорғау шараларын жүзеге асыруды ескере отырып, тиісті жұмысты жалғастыру ұсынылды», - деп жауап берді В. Зеленский.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 04:44 пшощл

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар