14.10.2022, 05:10

Гамбияда жөтелге қарсы шәрбат ішкен 70-ке жуық бала көз жұмды

Фото: AFP видеосынан скриншот
Оқыс оқиғадан кейін фармацевтикалық фабриканың жұмысына тыйым салынған.

Үндістан билігі Гамбияда 69 баланың жөтелге қарсы шәрбаттан кейін қайтыс болуына байланысты фармацевтикалық фабриканың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін БҰҰ бүйрек қызметінің жетіспеушілігінен болған балалар арасындағы өлім-жітімді Maiden Pharma компаниясы шығарған жөтелге қарсы шәрбатпен байланыстырған болатын.

Африкадағы патенттелмеген дәрі-дәрмектің 45%-ын «әлем дәріханасы» болып саналатын Үндістаннан жеткізіледі.