$ 445.66  474.58  4.78

Гаагада Путинді Украинаға өктемдік көрсеткені үшін соттайтын арнайы трибунал құрылады

Арнайы трибунал құру жөніндегі украин жұмыс тобының мүшесі Олег Гавриштің айтуынша, трибунал құру жөніндегі халықаралық келісім дайын болып қалды, оған қосылғысы келетін бірнеше ел бар.

Гаагада жетекші халықаралық заңгерлердің қатысуымен Путинді және Ресейдің саяси жетекшілерінің бәрін соттайтын арнайы трибунал құрылады, деп жазады Азаттық. 

Саясаткерлерді Украинаға қарсы қылмыстары үшін соттайды. Трибунал құру ісін он бір ел жақтады. Сот шамамен бір жылдан соң жұмыс істей бастайды.

Арнайы трибунал құру жөніндегі украин жұмыс тобының мүшесі Олег Гавриштің айтуынша, трибунал құру жөніндегі халықаралық келісім дайын болып қалды, оған қосылғысы келетін бірнеше ел бар.

"Халықаралық құқықта өзге елге өктемдік көрсету қылмыстардың ең ірісіне жатады. Осының өзі өктемдік жасауға қатысқандарды соттауға жеткілікті. Олар Украинадағы соғысты арнайы әскери операция деп атайды, біз ауқымды басқыншылық деп қарастырамыз, өйткені соғыс 2014 жылы басталды, ал ақпанда басып кірді. Бұның бәрін Ресейдің қауіпсіздік кеңесі мақұлдады. Оның құрамына Путин, Шойгу, Лавров, Патрушев, Бортников, Медведев және басқалары кіреді. Бұлар осындай қылмыс үшін жазалануы мүмкін алғашқы үміткерлер", - дейді Гавриш.

Олардың кінәсі дәлелденсе, әрқайсы 30 жылдан бастап өмірлік түрме жазасын алады. Арнайы трибуналды құруды Балтық елдерінің бәрі, Польша, Ұлыбритания, Чехия, Словакия, Румыния қолдап отыр.

"Бұл жерде Ресейдің пікірі маңызды болмай қалады. Трибунал құрылса, келісімге қосылған мемлекеттер Ресейдің қатысуынсыз-ақ олардың жетекшілерін соттай алады. Ресей жетекшілері осы елдерге барса, онда келісімге қосылған елдер оларды ұстап, соттай бастайды", - дейді Гавриш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары