Мәскеу соты Қырым көпіріндегі жарылысқа қатысы бар деген үш күдіктіні қамауға алды. Бұл туралы Мәскеудің жалпы юрисдикциялық сотының Telegram-каналында хабарланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
15 қазанда Мәскеудің Басман аудандық соты үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеудің өтінішін қанағаттандырып, тергеу изоляторына жіберді.
Ер адамдар Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабы «Терроризм актісі» бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты қамалды.
16 қазанда Қырым көпіріндегі жарылыс бойынша айыпталушы Роман Соломконың Херсон облысында тұратын ұлы Максим әкесінің ұсталғанын растады деп хабарланған болатын. Ол көпірді бұзуға әкесінің қатысы барына сенбейтінін атап өтті. Максим әкесінің тап болған қазіргі жағдайын «жала жабу» деп атады.
12 қазанда Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Қырым көпіріндегі терактіге қатысты тергеуді аяқтады. Ол жарылысты ұйымдастырушы Украина әскери барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов екенін анықтады.
Еске салсақ, 8 қазан күні Қырым көпірінің автокөлік бөлігінде жүк көлігі жарылып, содан кейін пойыздың жанармай цистерналары өртеніп кеткен еді.