$ 449.58  486.94  4.86

Ресейдегі ұшақ апаты: Қаза тапқандар саны он үшке жетті

Ұшақ құлауы салдарынан 13 адам мерт болып, 19 адам жарақат алды.

Ресейде Краснодардағы Ейск қаласында тұрғын үйге әскери ұшақ құлауы салдарынан 13 адам мерт болып, 19 адам жарақат алды.

Жаңартылған деректерді Ресей денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Ресей қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу ұшуы кезінде Краснодар өлкесінің Ейск қаласында ресейлік Су-34 ұшағы құлағанын хабарлады. Ұшқыштар секіріп түскен. Тұрғын үй ауласында апат болған жерде ұшақ жанармайы тұтанған.

68 адам құтқарылды, 360-тан тұрғын эвакуацияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары