$ 494.87  520.65  4.91

Иранда әнұран орындаудан бас тартқан оқушы қыз полиция қолынан қаза тапты

Рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиді мадақтайтын үгіт-насихат әнін орындаудан бас тартқан тағы 10 оқушы ауруханаға түскен.
Фото: Twitter
Фото: Twitter

16 жастағы ирандық Асра Панахи үкіметті мадақтау әнін айтудан бас тартқаны үшін өз мектебінде қауіпсіздік күштерінің соққысынан қаза тапты, тағы 10 оқушы ауруханаға  түскен деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Iran International» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сол күні полиция жасақтары наразылық танытқан Иранның Ардебил қаласындағы әйелдер мектептерінің біріне келіп, студенттердің үкіметті жақтайтын шеруіне қатысуын талап еткен.

Митингке қатысушылар Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиді мадақтайтын үгіт-насихат әнін айтуы керек еді.

Студенттер бағынудан бас тартқаннан кейін полицейлер қыздарды аяусыз ұра бастады. Соққы салдарынан 10 оқушы қыз ауруханаға түскен. Кейін олардың бірі Асра Панахи қайтыс болды.

Сонымен қатар соққыдан кейін полицейлер бірнеше қызды ұстап, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Оқушы қыздың өлтірілуінен кейін Ардебилде наразылықтар қайтадан күшейе түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары