$ 443.35  475.54  4.82

Украина халқына Сахаров сыйлығы берілді

Сахаров сыйлығы – Еуроодақтың адам құқығы бойынша ең беделді сыйлығы.

Еуроодақ Андрей Сахаров атындағы сыйлықты Украина халқы мен осы елдің президенті Владимир Зеленскийге берді. Бұл туралы Еуропарламент өкілі Роберт Метсол хабарлады.

Украина халқын, Украина президенті Владимир Зеленскийді және Украина азаматтық қоғамының өкілдерін бұл сыйлыққа Еуропарламенттің бірнеше фракциясы ұсынды.

Сахаров сыйлығы – Еуроодақтың адам құқығы бойынша ең беделді сыйлЕуроығы.

Былтыр Сахаров сыйлығын ресейлік оппозиционер Алексей Навльный, оның арғы жылы Беларусь оппозициясы, 2018 жылы украиналық режиссер Олег Сенцов (Ресей аннекциялап алған Қырымда тұтқындалған еді) алған еді. Сенцов Ресей түрмесінен шыққан соң Еуропарламентте сөз сөйлеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары