Иркутск қаласында Су-30 жойғыш ұшағы жеке сектордағы екі қабатты үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшқыштар катапультті басып үлгермеген. Елдің төтенше жағдайлар министрлігі жойғыш ұшақтың сынақ кезінде апатқа ұшырағанын хабарлады. Су-30 құлаған жерде 200 шаршы метр аумақты өрт шарпыды. Тұрғындар зардап шеккен жоқ.
Айта кетері, 17 қазанда Ейск қаласында Су-34 апатқа ұшыраған. Жойғыш ұшақ тұрғын үй алабына құлаған. Ол кезде 15 адам қайтыс болды, тағы 26 адам зардап шекті. Бір үйден жеті бірдей адам көз жұмды. Олардың ішінде үш бала бар.