$ 494.87  520.65  4.91

Жарты ғасыр бойы жуынбаған ирандық 94 жасында қайтыс болды

Бірнеше ай бұрын ауылдастары ақыры көндіріп, жуындырғаннан кейін Хаджи атаның жағдайы нашарлай бастаған.
Фото: focus.ua
Фото: focus.ua

Иран журналистері “әлемдегі ең кір адам” деп атап еткен Аму Хаджи Фарс қаласында өмір сүрді. 50 жылдан астам уақыт бұрын жуынудан бас тартқан ирандық таза су мен сабыннан ауырып қалудан қорыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аму Хаджи көп ұзамай жергілікті жұлдызға айналып, журналистердің назарына ілікті. Мысалы, 2014 жылы ағылшын тіліндегі Tehran Times газетіне берген сұхбатында ол жайраның етін жақсы көретінін және шұңқырда тұруды жөн көретінін мойындады, дегенмен ол кейде ақкөңіл көршілері оған арнап салған үйшікте түнейтінін жасырмады. Ол өзінің әдеттегі өмір салтын жас кезінде бірқатар эмоционалды күйзелістерге ұшырағанымен түсіндіреді.

Аму Хаджи сонымен қатар темекінің үлкен жанкүйері болды, кейде темекіні саусақтарының арасына қатарлап ұстап тұрып, бір уақытта бірнешеуін шегетін. Ұзақ уақыт су мен сабын көрмеген дене қарайып, майлы қорғанға айналғанымен, иесіне ешқандай қолайсыздық тудырмаған көрінеді. Ал оның ағзасы лас конистрдеге су мен бұзылып кеткен тамаққа үйреніп кеткендей болды. 

Алайда, бірнеше ай бұрын ауылдастары оны ақыры көндіріп, жуындырғаннан кейін Хаджи атаның жағдайы нашарлай бастаған. Өлімге нақты не себеп болғаны белгісіз, бірақ гигиеналық әдеттердің күтпеген жерден өзгеруі атаға жақпағаны анық.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары