АҚШ президенті Джо Байден 25 қазанда Ресей ядролық қару қолданса, "ірі қателікке ұрынады" деп ескертті. Бұған дейін Мәскеу Украинаны "өз аумағында радиоактивті заттары бар "лас бомбаны" жаруға дайындалып жатыр" деп айыптаған. Ресей басқыншылығына байланысты Украинаға көмек беріп жүрген АҚШ пен өзге елдер Ресей билігінің тұжырымын бірден жоққа шығарған.
Сейсенбі күні Байден Ресейдің өткен аптадан бері айтып жүрген мәлімдемесі жөнінде көп ойланғанын жеткізді.
"Біреудің атын жамылған операция болмайды деп кепілдік бере алмаймын. Біз білмейміз. Бірақ бұл өте ірі қателік болады" деді Ресей әскерінің ядролық қару қолдану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген Байден.
Киев пен одақтастары Ресей "лас бомба" қолданып, оны Украинадан "көруі" ықтимал деп қауіптенеді. Олардың айтуынша, Мәскеу соны пайдаланып, кәдімгі ядролық қару қолдануы мүмкін.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сейсенбі күні журналистерге Вашингтонның Ресей мәлімдемесіне сенімсіздіктен қарауы қазіргідей "қауіпті ескергенде" жол беруге болмайтын нәрсе деді. 25 қазанда Мәскеу Украинадағы "лас бомба" жөнінде күдігін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде де мәлімдеген.
Азаттық радиосы