АҚШ президенті Джо Байден аралық сайлаудың нәтижесіне қарамастан, 2024 жылы президенттікке тағы таласуға ниетті екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Осы сайлаудың соңғы нәтижелері не көрсетсе де, есептеулер әлі жүргізіліп жатқанына қарамастан, мен республикалық әріптестеріммен жұмыс істеуге дайынмын. Менің ойымша, Америка халқы республикашылардың менімен әрі қарай да жұмыс істегенін қалайтынын анық көрсетті", - деді Байден.
Ол сондай-ақ демократтар мен республикашылар аралық сайлаудың соңғы нәтижелеріне қарамастан Ресейдің Украинаға қарсы соғысына "қоспартиялық көзқарасын" жалғастырады деп үміттенетінін жеткізді.
АҚШ-тағы кезекті президенттік сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына жоспарланған. Бұл ел тарихындағы 60-шы президенттік сайлау болады.
Айта кетейік, Джо Байден 2021 жылдан бері АҚШ-ты басқарып келеді.Ол – 78 жасында ел тізігінін қолға алған ең егде президент.