Украинаның Жоғарғы Радасында Татарстанның мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігін мойындау туралы қаулы жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оны «Слуга Народа» партиясының бес депутаты: Олег Дунда, Юлия Клыменко, Георгий Мазурашу, Мария Мезенцева және Виталий Безгин енгізді.
Жоба 9 қарашада тіркелді.
Татарстан 1990 жылы 30 тамызда мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады, бірақ өз тәуелсіздігін жарияламады.
Еске салсақ, қазан айының басында Украина Ресейдің «Солтүстік Жапон аумақтарын» басып алғанын ресми түрде мойындады. «Жапонияның солтүстік аумақтары туралы» құжатқа 287 депутат дауыс берді.
Бірнеше күннен кейін, қазан айының ортасында Украина парламенті Ичкерияның (Шешенстан) егемендігін мойындады. Тиісті қаулыға 287 халық қалаулысы дауыс берді. Құжатта «шешен халқына қарсы геноцид жасау» айыпталып, «БҰҰ Жарғысын бұза отырып жасалған қарулы агрессия нәтижесінде Ресейдің уақытша басып алынған аумағы» деп аталатын Шешенстан Ичкерия Республикасының егемендігі мойындалады.
Сонымен қатар, Жоғарғы Рада Беларусьті жаулап алынған ел ретінде мойындағалы жатқаны белгілі болды.