$ 442.05  474.14  4.74

Қытай жүк тасымалдайтын кемесін ғарышқа ұшырды

Бұл кеме ғарыш стансасының құрылысына қажет жүкті жеткізеді.

Қытай бүгін таңертең жүк таситын «Тяньчжоу-5» ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл кеме ғарыш стансасының құрылысына қажет жүкті жеткізеді. Оның міндеті – стансаны жабдықтау.

Бұл жолы кемеде стансаның орбитасына керек жанармай және сәл кейінірек, 2022 жылдың желтоқсанында ұшатын Шэньчжоу-15 басқарылатын ғарыш кемесі экипажын қамтамасыз етуге қажет материалдар бар.

Айта кетейік, ғарыш стансасының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

«Тяньчжоу-5» ғарыш кемесі бортына тиелген CZ-7 Y6 /Long March-7 Y6 зымырантасығышы Хайнань арал-провинциясының оңтүстік-қытай жағалауында орналасқан Вэньчан космодромынан ұшырылды.

Бұл жайында Қытай ғарыш бағдарламасы кеңсесінің мәліметінен белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ғарыш #Қытай