$ 444.14  477.05  4.85

Жанармай таситын көлік жарылып, 12 адам қаза болды (ВИДЕО)

Полиция таратқан мәліметке сәйкес, жанармай құйылған автоцистернаның тежегіші істен шыққан.

Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 12 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Коги штатында Нигерияның солтүстік-орталық облысындағы күре жолдардың бірінде болған. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, жанармай құйылған автоцистернаның тежегіші істен шыққан. Соның кесірінен шосседегі көліктерге соғылады. 12 адам өртке оранған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі оқиға орнын қоршап, зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарына кірісті.

Коги штатында қыркүйек айында да осыған ұқсас апат болып, 10 адам қайтыс болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары