Футболдан биылғы «Алтын доп» иегері, Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема Қатардағы әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ойыншы кеше Франция құрамасының жаттығуы кезінде жарақат алып қалған. Дохадағы ауруханада қаралғаннан кейін оның сол жамбасының бұлшық етінен жарақат алғаны, одан жазылу үшін үш апта керектігі белгілі болды.
Осылайша, биылғы «Алтын доп» иегері Карим Бензема 2018 жылғы әлем чемпионы Франция құрамасына көмектесе алмайды.
Карим дүниежүзілік додадан кейін Испания чемпионатында «Реал» (Мадрид) командасының ойындарына дейін қалпына келе алады