$ 443.85  474.3  4.8

Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды.

Мысырдың Қызыл теңіз жағалауында автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, автобус пен жүк көлігі жексенбіде таңғы уақытта Қызыл теңіз провинциясының Рас-Гариб және Заафарана қалаларының арасындағы 40-шақырымда соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды", - деді денсаулық сақтау саласының мамандары.

Автобустың бір жанында Efars trav деп жазылған, соған қарағанда бұл туристік автобус болуы мүмкін. Әзірге көлікте қай елдің азаматтары болғаны беймәлім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары