$ 441.66  475.14  4.86

Гүл қоймасы өртеніп, 6 адам қаза тапты

Өрт сөндірушілер ғимараттан 7 адамды алып шыққан.

Мәскеудегі Комсомол алаңында гүлдер қоймасы өртеніп, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Елдің Төтенше жағдайлар мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі тағы бір адамның зардап шеккенін хабарлады.

Гүлдер қоймасынан өрт шыққаны туралы хабар жергілікті уақыт бойынша сағат 15:13-те түскен.

Өрт сөндірушілер ғимараттан 7 адамды алып шыққан. Өрт салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырғалар құлаған. Жалын 2,5 мың шаршы метрді шарпып, оқшауланды, кейінірек өрттің сөндірілгені хабарланды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Мәскеу