Мәскеудегі Комсомол алаңында гүлдер қоймасы өртеніп, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Елдің Төтенше жағдайлар мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі тағы бір адамның зардап шеккенін хабарлады.
Гүлдер қоймасынан өрт шыққаны туралы хабар жергілікті уақыт бойынша сағат 15:13-те түскен.
Өрт сөндірушілер ғимараттан 7 адамды алып шыққан. Өрт салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырғалар құлаған. Жалын 2,5 мың шаршы метрді шарпып, оқшауланды, кейінірек өрттің сөндірілгені хабарланды.