$ 449.58  486.94  4.86

Қытайда зауыт өртеніп, 36 адам көз жұмды

Әлемдегі ең ірі iPhone зауыты Foxconn осы қалада орналасқан.

Қытайдың Хэнань провинциясында орналасқан (Қытай орталығы) Аньян қаласындағы зауытта Kaixinda Trading компаниясына тиесілі ғимаратта өрт шықты. Оқиға салдарынан кем дегенде 36 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

CGTN телеарнасының хабарлауынша, өрттен екі адам зардап шекті, тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен.

Аньян өрт сөндіру қызметіне Вэньфан ауданындағы өрт туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады.

Айта кетсек, Хэнань елдің орталық бөлігінің шығысында орналасқан. Оның әкімшілік орталығы – Чжэнчжоу қаласы. Әлемдегі ең ірі iPhone зауыты Foxconn осы қалада орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары