$ 444.22  476.38  4.82

Футболдан ӘЧ: Франция Аустралияны ірі есеппен ұтты

Бұл көрсеткішпен "Милан" шабуылшысы Франция тарихындағы үздік сұрмерген Тьерри Анридің рекордын қайталады.

Франция құрамасы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әл-Вакра қаласының төріндегі "Әл-Джануб" стадионында Аустралиямен кездескен Дидье Дешам шәкірттері айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп 4:1.

Алдымен  минутта Крейг Гудвин "жасыл құрлықтың" өкілдерін есепте алға шығарса, 27 минутта Адриен Рабьо таразы басын теңестірді. Ал Оливье Жиру араға 5 минут салып "три колорды" алға шығарды.

Үзілістен кейін Килиан Мбаппе (68 минут) есепті еселесе, 71 минутта Оливье Жиру дубль авторы атанды. Осылайша Жиру құрама сапында өткізген 115 кездесуінде 51 голын соқты. Бұл көрсеткішпен "Милан" шабуылшысы Франция тарихындағы үздік сұрмерген Тьерри Анридің рекордын қайталады.

Енді Франция келесі ойынын 26 қараша күні Даниямен кездеседі. Дәл сол күні Аустралия Тунис командасымен өзара мықтыны анықтайды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары