26.11.2022, 17:20

Криштиану Роналду бразилиялық клубқа ауысуы мүмкін

Сурет: Instagram/cristiano
37 жастағы ойыншы осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бразилиялық "Фламенго" футбол клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. "Фламенго" басшылығы Роналдуға келісімшарт ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр. Роналдумен келіссөз әлі басталған жоқ, бірақ клуб қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін Роналду британиялық журналист Пирс Морганға даулы сұқбат беріп, "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартын бұзғаны белгілі болды. 37 жастағы ойыншы осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.