$ 494.87  520.65  4.91

Латвия министрі Украинаға Ресей аумағындағы нысандарды атқылауға рұқсат беруге шақырды

НАТО-ға мүше бірнеше мемлекет те Украинаның нысананы таңдау мүмкіндігі шектелмеуі тиіс деп санайды.
Фото: УКРОБОРОНПРОМ
Фото: УКРОБОРОНПРОМ

Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич Киевке Ресей аумағындағы нысандарды атқылауға рұқсат беруге үндеді. НАТО елдері Украинаға әзірге қажетті радиустан атқылауға мүмкіндік беретін қару түрлерін бермей отыр. Украина Ресейдің шекаралас аудандары мен Мәскеу аннексиялап алған аудандарға ғана соққы жасаған.

"Украиналықтарға ракетаны ұшыру қондырғылары немесе аэродромдарды атқылайтын қаруларды пайдалануға рұқсат етуге тиіспіз" деді Эдгар Ринкевич НАТО сыртқы істер министрлерінің Бухарестегі кездесуінде. Оның сөзіне қарағанда, одақ мүшелері қақтығыс ушығып кетеді деп қорықпауы тиіс. Министрдің сөзінен Bloomberg агенттігі үзінді келтіреді.

НАТО елдері өзге қару түрлерінен бөлек, Украинаға артиллериялық қондырғылар мен ақылды снарядтар, дүркіндете ататын ракета жүйелері мен кеме жоятын зымырандар жеткізген. Олар 100-120 шақырымнан алыс ұша алмайды. Алайда НАТО Киевке 300 шақырымға дейін жететін тактикалық ракеталар мен зымыран кешендерін, жойғыш авиация аппараттарын жеткізбей отыр.

Дереккөзге сүйенген халықаралық басылымдар Вашингтон Ресей мен Украина арасында қақтығыс одан әрі ушығып кетуі мүмкін деп алаңдайды. Ринкевичтің сөзінше, НАТО-ға мүше бірнеше мемлекет те Украинаның нысананы таңдау мүмкіндігі шектелмеуі тиіс деп санайды.

Қараша соңында Reuters агенттігі Пентагон Украинаға 150 шақырымға дейін ұшатын жоғары дәлдіктегі GLSDB зымыранын беру мүмкіндігін қарастырып жатыр деп хабарлаған. Украина Вашингтоннан 300 шақырымға дейін ұшатын HIMARS кешеніне арналған MGM-140 ATACMS зымырандарын сұраған.

Соғыс басталған кезде Украина Ресейге қарсы 120 шақырым жердегі нысандарды жоя алатын тактикалық "Точка-У" совет зымыран қондырғыларын пайдаланған. Кейінгі айларда олардың пайдаланылып жатқаны жөнінде ақпарат жоқ, соған қарағанда, зымыран қоры таусылған болуы мүмкін немесе ұшыру қондырғылары шабуыл кезінде жойылған болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары