$ 448.15  483.46  4.86

Қатар-2022: А тобынан Нидерланды бірінші орынмен плей-офф сатысына шықты

Нидерландтық футболшылар 1974, 1978, 2010 жылдары күміс медаль алса, 2014 жылы үздік үштікті түйіндеді.

Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында А тобынан Нидерланды бірінші орынмен плей-офф сатысына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүбірлі додада нидерландтық құрама алғашқы екі турда небәрі төрт ұпай жинады. Нәтижесінде плей-офф сатысына шығу мүмкіндігін үшінші турда шешуіне тура келді.

Нидерландтық футболшылар үшінші турда алаң иелері - Қатар құрамасымен кездесті. Алаң иелері екі турда бірде-бір ұпай ала алған жоқ. Салдарынан жарысты жалғастыра алмайтыны белгілі болды.

Соған қарамастан олар соңғы турда нидерландтық құрамаға лайықты төтеп беруге тырысты. Қорғаныс шебінде сауатты ойын көрсетуге күш салды. Дегенмен олардың қақпа маңында қарсыластары жиі бой көрсетті.

Осындай сәттердің бірінде Коди Гакпо 26-минутта әріптесі Дави Классеннің берген пасын голға айналдырды.

Ойынның 49-минутында нидерландтық Френки де Йонг есепті үстемелей түсті.

Осылайша Нидерланд қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, нидерландтық футболшылар 1974, 1978, 2010 жылдары күміс медаль алса, 2014 жылы үздік үштікті түйіндеді.

Енді 1/8 финалда Нидерланд құрамасы В тобында екінші орын алған құрамамен кездеседі.

Айта кетсек, елорда уақытымен 1:00-де В тобындағы Уэльс пен Англия кездесуі «Qazaqstan», Иран мен АҚШ ойыны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал С және D тобындағы құрамалар 30 қарашада үшінші тур ойындарын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары