02.12.2022, 01:30

Тарихи гол: Әлем чемпионатында тағы да сенсация болды

Марокко құрамасы. Фото: Twitter/Fifa World Cup
Африка құрлығынан келген команда алғашқы турда Хорватиямен тең түссе, екінші турда Бельгиядан айласын асырды.

Футболдан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы бір команда белгілі болды. Ол - Марокко құрамасы, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Топтық кезеңнің үшінші турында Марокко мен Канада құрамасы кездесті.

"Аль Тумама" стадионында өткен матчта Африка құрлығынан келген команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Гол авторлары: Хаким Зиеш, Юссеф Эн-Несири - Агерд. Үшінші турдан кейін F тобындағы жағдай: Марокко - 7 ұпай, Хорватия - 5 ұпай, Бельгия - 4 ұпай, Канада - 0 ұпай.