Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының матчында «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Л.Месси 1/8 финалда Аустралиямен өткен бәсекеде шебер өнер көрсетіп, «Үздік ойыншы» атанды.
Ол бұл кездесуде мергендік танытып, есеп ашты. Бұған дейін Месси әлем чемпионаттарында жеті мәрте «Үздік ойыншы» атағына қол жеткізген еді.
Осылайша, Месси сегізінші рет үздік атанып отыр. Бұған дейін ешкім MVP мүсінін сегіз мәрте алған емес.
Биылғы біріншілікте аргентиналық шабуылшы үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ширек финалда Аргентина Нидерланд құрамасымен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бразилияның екі футболшысы әлем чемпионатының қалған ойындарына қатыса алмайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Лионель Месси спорт карьерасында мыңыншы мәрте жасыл алаңға шықты.
Месси бастаған Аргентина ширек финалға шықты.