Әлем 03.12.2022 сағат 17:20

«2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады» - Илон Маск

Болашақта өнертабыс ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жеңілдетпек.
«2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады» -  Илон Маск
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі кәсіпкер Илон Маск өзі басқаратын «Neuralink» компаниясының адам миына чип салу сынақтарын келесі жылы бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, операция шамамен бір сағатқа созылады. Арнайы робот бас сүйегіне тесік жасап, чипті имплантациялайды.

Болашақта өнертабыс ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жеңілдетпек. Атап айтқанда, бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың басқалармен араласуына және аяқ-қолдарының қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, миға арналған чиптерді әзірлейтін Neuralink стартапын Илон Маск 2017 жылы ашқан еді. Миллиардер чипті миға орнатудағы мақсаты ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді толықтыру екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар