05.12.2022, 16:20

Рамзан Қадыровты сынаған блогерді өлтіріп кетті

фото: ашық дереккөзден
Оны өлтіріп кеткенін растайтын сенімді ақпарат алдық, ал оның бауыры Мұхаммадты арнайы қызмет жасырып қойды.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровты сынаған шешен оппозиционер-блогері Тумсо Әбдірахмановты Швецияда өлтіріп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Швеция құқық қорғау органдары әзірге мәліметке қатысты ақпарат таратқан жоқ. Алайда блогердің жақтастары Азаттық радиосына оның өлтірілгені жайлы мәліметті растаған.

1ADAT телеграм-арнасының мәліметінше, Әбдірахмановты Швецияда 2 желтоқсанға қараған түні атып кеткен.

"Оны өлтіріп кеткенін растайтын сенімді ақпарат алдық, ал оның бауыры Мұхаммадты арнайы қызмет жасырып қойды", - деп жазды дереккөз.

Тумсо Әбдірахманов пен оның бауыры, адам құқықтарын қорғаушы Мұхаммад Әбдірахманов байланысқа шықпай қалғаны 2 желтоқсанда мәлім болды. Сол кезде оларды өлтіріп кетуі мүмкін деген болжам айтылған.

Тумсоның телеграм-арнасындағы соңғы жазба 30 қарашада кешке жарияланған.

Абдурахманов бірнеше жыл бойы Шешенстан билігін ашық сынға алды. 2015 жылы ол республика басшысы Рамзан Қадыровтың туыстарына қатысты жанжалдан кейін Ресей аумағынан кетті. Швецияда Абдурахманов босқын мәртебесін алды. Бірнеше жыл бұрын белсенді мен оның ағасына қастандық жасалды. 2019 жылы Шешен Республикасының Парламент басшысы Магомед Даудов оппозициялық блогерден аяусыз кек алуға уәде берген.

2020 жылғы ақпанда Тумсо Әбдірахмановқа Швециядағы пәтерінде шабуыл жасалды. Блогер шабуылдаушының қаруын тартып алып, полиция шақыртқан. Осы іске қатысты үкім 2021 жылғы қаңтарда шықты. Сотталушы - Ресей азаматы.