$ 494.87  520.65  4.91

Моңғолия халқы наразылыққа шығып, үкімет үйіне басып кірді

Қолды болған сома шамамен 13 миллиард долларға жетеді.

Моңғолиядағы наразылықтар үш күнге созылып, бүгін, 5 желтоқсанда шарықтау шегіне жетті. Мемлекет астанасы Ұлан-Батордың бас алаңына әр өңірден мыңдаған адам жиналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наразылық білдірушілер өздерін "өте агрессивті" ұстағаны айтылады. Митингтен кейін олар Министрлер кабинетінің ғимаратына баса-көктеп кіре бастаған.

Жаппай наразылыққа Моңғолиядан Қытайға тасымалданған көмір ұрлығына қатысты жанжал себеп болған. Қолды болған сома шамамен 13 миллиард долларға жетеді. Сұр схемалар Қытай тарапының арқасында белгілі болды. Қытай тергеу жүргізіп, кінәлілерді өлім жазасына кесіп, жаппай ұрлыққа қатысы бар шенеуніктердің тізімі Моңғолияға жіберілген. Енді шерушілер кінәлілерді жазалауды талап етіп алаңға шықққан.

Еске салайық, Моңғолиядан Қытайға көмір экспорты соңғы бір жылда үш есеге өскен. Соңғы онжылдық елде тау-кен өнеркәсібінің өркендеуімен ерекшеленді. Мұнда қытайлық компаниялар да көмір өндіреді. Сонымен қатар, Моңғолияда электр энергиясы мен көмірдің тапшылығы үнемі тұрақты сезіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары