23.12.2022, 17:00

Татарстан «президентінен» айырылды

Елді енді "раис" басқаратын болды

Татарстанның мемлекеттік кеңесінің отырысында президиум республика басшысының лауазымын өзгертетін заң жобасы ұсынылды. 

Заң жобасына сәйкес, бұдан әрі ел басшысы раис деп аталады. Ұғым араб және басқа да бірқатар шығыс тілдерінде мемлекет басшысы, елбасы, көсем, президент мағынасын білдіреді.

Айта кетейік, Татарстан - Ресейдің президенттік лауазымы сақталған жалғыз өңір болып келген еді.