$ 475.03  517.21  5.44

Ердоған: «Роналду Палестинаны қолдаған соң әлем чемпионатында оны есептен шығарып тастады»

Өкінішке қарай, оған саяси санкциялар салып, сызып тастады.
Фото: twitter/fifaworldcup
Фото: twitter/fifaworldcup

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Катардағы әлем чемпионатында жеңіліс тапқан Криштиану Роналдуға қолдау көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұрын Ердоған Месси мен Роналдудың ішінен Криштиануға бүйрегі бұратынын айтқан болатын. Ол Катардағы әлем чемпионатынан соң бұл пікірінен айнымаған.

"Оларды салыстыратын біз емес. Әрине, Роналдуды есептен шығарып тастады. Өкінішке қарай, оған саяси санкциялар салып, сызып тастады.

Мұндай футболшыны екінші таймда 15 минут немесе жарты сағатқа алаңға шығару арқылы психологиясын құртып, бар энергиясын тартып алды.

Роналду - палестиналықтарды қолдайтын адам", - деді Эрзурумда сөз алған Ердоған.

Айта кетелік, Роналду бастаған Португалия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында жеңілген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары