29.01.2023, 15:00

Иранда жойқын жарылыс болды

фото: korrespondent.net
Провинцияның ресми билігі бұл фактіні растады.

Иранда оқ-дәрі өндіретін зауытта жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Исфахан қаласындағы Иранның қорғаныс министрлігіне оқ-дәрі өндіретін зауытында жарылыс болды.

Иран мемлекеттік телеарнасы Исфахандағы әскери нысанда қуатты жарылыс болғанын хабарлады. Провинция билігі де бұл фактіні растап отыр.

Тегтер: Иран