30.01.2023, 09:40

Иранда тағы да жарылыс болды

Фото: видеодан кадр
Еске салсақ, бұдан бұрын Шығыс Әзербайжан провинциясындағы Шахид-Салими қаласында қозғалтқыш майларын шығаратын ірі зауыт өртенді.

Махабад қаласындағы Ислам революциясы Сақшылар корпусының штаб-пәтерінде, сондай-ақ Сириямен шекарада жарылыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Twitter-де BNN Breaking журналисі Гурбакши Сингх Чахала жазды.

"Иранның Махабад қаласындағы Ислам революциясы Сақшылар корпусының штаб-пәтерінде жарылыс болды. Жарылыстардың себебі әзірге белгісіз", - деді Чахала.

Еске салсақ, бұдан бұрын Шығыс Әзербайжан провинциясындағы Шахид-Салими қаласында қозғалтқыш майларын шығаратын ірі зауыт өртенді. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар орталық провинциядағы Исфахан қаласында әскери қойма мен оқ-дәрі өндіретін орталыққа шабуылдады.

Тегтер: Иран жарылыс