Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" клубы Лионель Мессиді сапына қосуға ниеттеніп отыр, - деп хабарлайды massaget.kz.
Sky Sports мәліметінше, арабиялық клуб аргентиналық шабуылшыны табысы әлемдегі ең жоғары футболшы еткісі келеді. Месси клубқа өтсе, жылына 200 миллион фунт жалақы алады.
Месси мен ПСЖ арасындағы келісімшарт биыл аяқталады, тараптар оны ұзарту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.
Сауд Арабиясының футболға жауапты шенділері елдің лигасы кез келген ойыншыны қызықтыра алады деген сенімде. Мәселен, олар алдағы маусымда "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне мен "Ливерпуль" форварды Мохамед Салахты өз чемпионатына әкелмек екен.