Әлем 30.01.2023 сағат 17:00

Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 28 адам қаза тапты

Аурухана өкілі жарылыстан 28 адамның қаза тауып, 150-ден астам адамның жараланғанын айтты.
Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 28 адам қаза тапты
Фото: geo.tv
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 28 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Geo.tv мәліметінше, лаңкес намаз кезінде алдыңғы қатарда болған, ол өзін жарып жіберіп, ондаған намазханды жаралаған.

Аурухана өкілі жарылыстан 28 адамның қаза тауып, 150-ден астам адамның жараланғанын айтты. Сондай-ақ зардап шеккен 10-нан астам адамның жағдайы ауыр. Аурухана зардап шеккендерге көмекке қан тапсыруды өтініп, азаматтарға жүгінді.

«Сұмдық жарылыс болды. Жарылыстан кейін айналаны түгел түтін басып қалды», - дейді оқиға куәгері.

Ол есін жиған кезде мешіт төбесінің құлағанын көргенін айтты.

Оқиға болған кезде мешітте кем дегенде 200 адам болған. Зардап шеккендердің басым көбі полицейлер болған.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар