06.02.2023, 03:00

Пәкістанның экс-президенті қайтыс болды

Фото: Daniel Berehulak/Getty Images
Алайда экс-президент Дубайға қашып үлгерді, онда ол ұзақ уақыт эмиграцияда өмір сүрді.

Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф Дубайдағы ауруханада ұзаққа созылған ауруынан қайтыс болды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Пәкістан әскери күштері 2008 жылы биліктен шеттетілген 79 жастағы Мушарраф қайтыс болғанын растаған.

Ол 2013 жылы мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Алайда экс-президент Дубайға қашып үлгерді, онда ол ұзақ уақыт эмиграцияда өмір сүрді.

Первез Мушарраф 2003-2005 жылдар аралығында үш қастандық әрекетінен аман қалған. Пәкістан әскерінің, флотының және әуе күштерінің бас қолбасшылары оның қазасына көңіл айтты.

Первез Мушарраф 2001 жылдан 2008 жылға дейін Пәкістан президенті қызметін атқарды.