28.02.2023, 16:20

Ердоған Түркия халқынан кешірім сұрады

Фото: hromadske.ua
Жер сілкінісінің әсері мен ауа-райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде Адияманда қалағанымыздай жұмыс істей алмадық.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарының кешіккені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ердоған Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен ең ауыр зардап шеккен Адияман провинциясына сапары кезінде халықтан кешірім сұрады.

"Жер сілкінісінің әсері мен ауа-райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде Адияманда қалағанымыздай жұмыс істей алмадық. Сол үшін кешірім сұраймын", - деді Ердоған.