$ 494.87  520.65  4.91

Каспий теңізінің жағасынан 18 адамның сүйегі табылды

Қаңқалардың бас сүйегінде оқ көлеміндей тесіктер анықталған.
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

Дағыстанда адамдардың сүйегі көмілген орын табылды, деп хабарлады ТАСС республика бойынша Тергеу комитетінің (ТК) департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды. 

Ведомствоның хабарлауынша, адам қалдықтары ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі болуы мүмкін.

Baza Telegram арнасының хабарлауынша, Махачкала мен Каспий теңізінің аралығындағы «Джами» қонақ үйінің аумағында құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылған. Қаңқалардың бас сүйегінде оқ көлеміндей тесіктер анықталған. 

nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары