$ 494.87  520.65  4.91

Путин ресейлік шенеуніктердің өзге тілдегі сөздерді қолдануына тыйым салды

Тек орыс тілінде аналогы жоқ сөздерге ғана қолдану рұқсат етілген.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ресей президенті Владимир Путин ел шенеуніктеріне сөйлегенде немесе ресми құжаттарда шет тілдік сөздерді қолдануға тыйым салатын заңға қол қойды деп хабарлайды Stan.kz.

"Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы" заңға түзетулер енгізілуде. Заң нормалары барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ресейліктермен ресми қарым-қатынастары мен ресми хат алмасулары үшін, мемлекеттік және муниципалдық ақпараттық жүйелер үшін, сондай-ақ тауарларды тұтынушыларға арналған ақпараттар үшін міндетті болатыны атап өтілген.

Құжатта орыс тілін шет тілімен шұбарлата сөйлеуден қорғау керектігі айтылған. Тек орыс тілінде аналогы жоқ сөздерге ғана қолдану рұқсат етілген. 

Аналогы жоқ шетел сөздерінің тізімі арнайы сөздіктер мен анықтамалықтарда жарияланатын болады. Оларды орыс тілі жөніндегі комиссияның ұсыныстары негізінде үкімет бекітпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары