Ғалымдар Антарктида аумағындағы мұздардың ең төменгі деңгейге дейін еріп жатқанына алаңдап отыр. Өйткені мұздардың еруі салдарынан әлемдік мұхит деңгейі көтерілу қаупі бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
44 жыл бойы спутниктер ғалымдарға материк жағалауындағы мұздың мөлшерін бақылауға көмектесіп келеді.
Антарктикалық теңіз мұзының сарапшысы Уилл Хоббс зерттеушілер Антарктиданың айналасында мұздың азайғанын байқап жатқанын айтты. Басылым Антарктиданың тағдыры бүкіл әлем үшін өте маңызды екенін атап өтті. Ғалымдар Антарктиданың теңіз мұз белдеуінің жұқаруы дауылдың мұз қайраңдарына әсерін күшейтіп, оның еруі әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуіне қауіп төндіретінін мәлімдеген. "Теңіз мұзы күн сәулесін шағылыстыратындықтан, оны еріту қиын. Бірақ оның артында ашық су болса, онда ол төменнен мұзды ерітуі мүмкін", - дейді Хоббс.
Монаш университетінің климатологы Ариан Пэричтің айтуынша, Оңтүстік полюстегі теңіз мұзының азаюы жаһандық жылынуды болжайтын барлық климаттық модельдерге сәйкес келеді.