$ 512.32  582.92  6.29

«Осы сен байсыз қаласың-ау»: Жігітінің әрекетін сынаған актриса елден сөз естіді (ВИДЕО)

Тележүргізушінің айтуынша, араласып жүрген жігіті ауырған кезде қамқорлық көрсетпеген.

Фото: instagram.com/anarabatyrkhan
Фото: instagram.com/anarabatyrkhan

Желіде тележүргізуші Анар Батырханның жігіттерге қатысты айтқан оқиғасы тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тележүргізушінің айтуынша, араласып жүрген жігіті ауырған кезде қамқорлық көрсетпеген.

«Ауырып тұрған кезімде мукалтин алып беруге жарамады. Оны өзім де ала аламын. Тек қамқорлығын көрейін дедім. Содан кейін бірден жоқ деп өзіңе осының бәріне көнетін амеба қыз тауып ал дедім», — дейді Анар Батырхан.

Оның бұл сөзін жақтап, “Қазақтың жігіттерінде көк тиын жоқ”; “Ешкімнен ештеңе күтпеу керек”; “Ондай еркектер керек емес”; — деп пікір жазып жатқандар да бар.

Ал кей желі қолданушылары мүлде басқа пікірде.

«Осыны айтып отырған өзің амеба», «Осы сен байсыз қаласың-ау», «Қазіргі қыздар қиын болып кеткен», «Қу тізеңді құшақтап қалма», — деді тағы бір бөлігі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары