Жанар Айжанова төрт жыл декретте отырып, енді шығармашылығына көңіл бөлетінін айтты.
Танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыздың үлкен тойы қашан өтетінін айтып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақ халқының сүйікті әншісі қызының ұзату тойынан келе сала Астанадағы концертке дайындалып жатқанын айтты. Жанар Айжанова Алматыда үлкен концерт өткізгенін, ал, 30 сәуір күні Астанада да сондай спектакль-концерт жоспарлап отыр. Жүргізушілер Жанар Айжанова басқа өңірлерге қашан гастроль өткізетінін нақтылады.
"Әрине, Алматы мен Астанада ғана емес, оңтүстік өңірлерді де аралаймыз. Мамырдың 3-і күйеу баламның тойы. Оған енді бармасам болмайды ғой, құдағимын. Сол тойдан кейін, шамамен 10 мамырдан бастап Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларына барамыз", – деді Айжанова.
Сонымен қатар, Жанар Айжанова төрт жыл декретте отырып, енді шығармашылығына көңіл бөлетінін айтты.
Еске салайық, өнер иесінің қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекованың ұзату көйлегі қызу талқыға түскен еді.