Дегенмен, тырысып бағудамыз.
Париж Олимпиадасының жеңімпазы, дзюдошы Елдос Сметов тіл үйрену үшін Ұлыбритания астанасы Лондонға көшіп кеткен еді. Балуан ағылшын тілін үйрену кезінде қиындықтар туындап жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Лондонда ауызашар кезінде спортшы журналист Ғалымжан Қараманұлымен кездесіп, Ұлыбританияға тіл үйрену мақсатында келгенін мәлімдеді.
«Ассаляму алейкум, баршаңызға! Алла ағылшын тілінде еркін сөйлеуге нәсіп етсін – осында келуімнің басты себебі де осы. Барынша тырысып жатырмыз, бірақ өте қиын болып жатыр. Дегенмен, тырысып бағудамыз», – деп бөлісті Елдос Сметов.