$ 504.44  545.65  5.95

Оралда жол апатынан әйел адам қаза тапты

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Орал қаласында жол-көлік оқиғасы болып, әйел адам мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 29 наурыз күні сағат 22:10 шамасында Жәңгір хан көшесінде, Шаған өзенінен өтетін көпір маңында болған. “Audi 80” көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

“Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары