$ 516.01  582.47  6.26

Маңғыстау облысында даладан жаңадан туған нәресте табылды

Тасталған сәбиді 5 мамыр күні шамамен 09:30-да жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің терезесінің алдына жаңа туған нәрестені тастап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тасталған сәбиді 5 мамыр күні шамамен 09:30-да жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған.

Оқиға туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта баланың анасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасын анықтау және оның орналасқан жерін табу шаралары жүргізіліп жатыр. Нәресте перзентханаға орналастырылды», – делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары